ЖАМБЫЛТАНУ -қазақ әдебиеттану ғылымының Жамбыл Жабаев шығармаларын жинау, жариялау және зерттеумен айналысатын саласы. 19 ғ-дың 60 -70-жылдарынан бастап, Жамбыл Айкүміспен, Сары ақынмен, Бөлтірікпен, Майкөтпен, Сарыбаспен, Құлманбетпен, Досмағанбетпен айтысып оларды жеңгені туралы әдеби деректерді Жамбылдың ақын-шәкірттері Үмбетәлі Кәрібаев, Жартыбай Елікбайұлы, Шүкітай Әбдікәрімұлы, Кенен Әзірбаев, Өмірзақ Қорғабайұлы берген. Олардың қолжазбалары Орт. ғыл. кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған. Жамбылдың шығарм. өмірбаяны туралы жазбаша деректер 20 ғ-дың 20-жылдарынан басталады. 1925 ж. Ташкентте араб әрпімен «Терме» деген әдеби жинақ шыққан. Сонда Шамғали Сарыбаевтың «Халық әдебиеті және жинау жолдары» деген мақаласы жарияланып, Жамбыл туралы деректер келтірген. 1931 ж. жарыққа шыққан С.Сейфуллиннің»Қазақ әдебиет нұсқалары» фольклорлық жинағында және 1932 ж. жарияланған «Қазақ әдебиеті» кітабында Жамбыл мен Құлманбет айтысының қысқаша нұсқасы берілген. Ж. ғылымының іргетасын қалаған -М.Әуезов. Ұлы ғалымның Жамбыл туралы алғашқы мақаласы «Әдебиет майданы» журналының 1938 ж. No5 санында «Ардақты Жәке!» деген атпен жарияланған. 1948 ж. «Казақ әдебиеті тарихы» (1-том, фольклор) жарыққа шықты. Сонда Әуезовтың «Айтыс өлеңдері» деген зертгеу мақаласы басылып, Жамбылдың ақындық қуатына жоғары баға берген. 1946 ж. Жамбылдың 100 жылдық торқалы тойы дүние жүзі көлемінде салтанатпен аталып өтті. Аталған салтанатты мерекеде Әуезов «Жамбылдың айтыстағы өнері» деген тақырыпта баяндама жасаған. С. Мұқанов 1946 ж. жарияланған Жамбыл шығармаларының толық жинағының жалпы редакциясын басқарып, алғы сөзін жазған. Мұқановтың Жамбыл туралы қазақша және орысша 15-тен аса ғыл. мақалалары респ. газет-журналдарда басылған. Ғ.Мүсірепов те Жамбыл туралы «Алып ақын атамыз» (Мүсірепов Ғ.5томдықшығармалар жинағы, 4-том, А„ 1975). «Феномен-Феникс» («Қазақ әдебиеті», 1971. 22 қазан) деген мақалалар жазған. Е.Ысмайыловтың»Ақындар» (1956) деген көлемді монографиясында, «Ақын, жыршы, жыраулар» (1949). «Совет фольклорының даму жолдары» деген кітаптарында Жамбылдың ақындық, жыршылық, жыраулықөнерлері бір-бірімен байланыстырыла зерттелген. С.Садырбаев -Жамбыл туралы жүздеген ғыл. мақалалардың авторы. 1996 ж. «Ана тілі» баспасынан Садырбаевтың «Фольклор және Жамбыл» деген монографиясы шықты. Сондай-ақ, ғалым 1982, 1996 жылдары Жамбыл Жабаевтың академиялық толық жинақтарын шығарды, ғыл. түсініктемелер жазды, тұрақты канондық текстологиясын жасады. Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің құрастыруымен 1986 ж. Ж.Жабаевтың»Библиографиялықкөрсеткіші» шықты (жалпы редакциясын басқ. Садырбаев, көл. 20 б.т.). Садырбаев «Жамбыл адамзаттың ұлы жыршысы» деректі телефильмінің сценарийін жазды. «Жамбылдың жастық шағы» деген көркем фильмнің ғыл. кеңесшісі болды.
Н. Төреқұловтың»Жамбыл және Кенен» (1978),»Жүз жасаған бәйтерек» (1982), «Алатау асқарынан жыр асырған» (1996). т.б. ғыл. еңбектері бар. Белгілі ғалым М. Жолдасбеков 20 ғ-дың 70-жылдары Жамбыл туралы бірнеше мақалалар жариялады. Ол «Жамбыл және оның ақындық мектебі» деген тақырыптадокт. диссертация. қорғады. 1993 ж. «Жүз жасаған жүрек» деген кітабы мен 1996 ж. «Асыл сөздің атасы» атты монографиясы жарық көрді. Жамбылдың шығарм-ғы туралы бірнеше мақалалар жазған ғалымдар мен жазушылар: М.Ғабдуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Базарбаев, С.Қирабаев, 3.Ахметов, М.Н.Сауранбаев, Ш.Сәтбаева, Ә.Нұрпейісов, С.Бегалин, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Б.Уахатов, М.Хакімжанова, Р.Сыздықова, О.Нұрмағамбетова, М.Хамраев, С.Қасқабасов, К.Сейдеханов, С.Негимов, т.б. Жамбылдың өмірі мен шығарм-ғы туралы орыс оқымыстылары да көптеген мақалалар мен монографиялар жазған. Олар К.3елинский, К.Алтайский, З.Кедрина, П.Кузнецов,М.И. Ритман-Фетисов, М.Сильченко,Н.Смирнова, Н.Тихонов, Л.Соболев, В.Шкловский, М.Шолохов, т.б. Жамбылдың көркемсуретгі бейнесі Ә.Қастеев, К.Наурызбаев, О.Таңсықбаев, Ә.Исмайлов шығармаларында сомдалды. Жамбылдың кинофильмдегі образы «Жамбыл» (сценарийін жазған Н.Погодин мен Ә.Тәжібаев, реж. Ефим Дзиган, Жамбылдың рөлін Ш.Айманов ойнаған). «Жамбылдың жастық шағы» (сценарийін жазған Жолдасбеков, реж. К.Қасымбеков) фильмдерінде жасалды. Жамбыл шығармалары бірнеше шетел тілдеріне аударылған.