ЖАЛЫН

«ЖАЛЫН» -баспа. 1976 ж. респ. жастар мен балалар баспасы болып құрылған. Алғашқы директоры -Қ.Ыдырысов. Баспа алғашқы 10 жыл ішінде жалпы данасы 100 миллион болатын 3 мыңға жуық кітап шығарды. «Ж.» баспасы қазақ халқының бай ауыз әдебиеті мен әлем халықтарының фольклорлық туындыларын насихаттауға көп көңіл бөлген. «Балбұлақ», «Жауқазын», «Тілашар» айдарымен суреті кітапшалар шығарылды. Сондай-ақ, баспадан А. Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, І.Жансүгіров, М.Әуезов секілді қазақ әдебиеті классиктерінің, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, т.б. белгілі балалар жазушыларының шығармалары жарық көрді. Баспаның «Жеткіншек», «Көкжиек», «Достық», «Өркен» редакциялары балалар мен жастар әдебиетінің дамуына, жастар шығарм-ғының қанат жаюына елеулі үлес қосты. «Ж» баспасы жастар мен балалар туралы жазылған әдеби шығармаларға байқау жариялауды дәстүрге айналдырып, көптеген талантты қаламгерлердің танылуына ықпал етгі. Олардың арасында О.Бөкеев, Т.Нұрмагамбетов, К.Сегізбаев, М.Қабанбаев, С.Жұбатыров, т.б. белгілі қаламгерлер бар. 1998 ж. «Ж.» баспасы жауапкершілігі шектеулі серіктестікке айналды. Баспа отандық әдеби мұраларды насихатгауға
көңіл бөліп, бірқатар әдеби және тарихи маңызы зор кітаптар шығарды.Бұлардың қатарында Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян», Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін», Н.Мыңжанидің «Қазақтың қысқаша тарихы», Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің» Қазақ шежіресі»,т.б. кітаптары бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *