ЖАЗЫҚ Меңаяққызы (1826. Шығ. Қазақстан обл. Шұбартау ауд. (қазіргі Аягөзауд.) Бесбұлақа. -1863. сонда) -ақын. Бала кезінде шешек ауруынан жанарынан айрылған. Ж. өлеңдері
Сарыарқа мен Жетісу өңірлеріне кеңінен таралған. А.Янушкевич 1864 ж. Ж-пен жүздесіп, оның өлеңдері мен толғауларын өз аузынан жазып алған. Ол «Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбаларында» (поляк тілінде -1861. 1875; орыс тілінде -1966,қазақ тілінде -1979) Ж. туралы жылы лебіз білдірген. Ж-тың шығармалары қазақ тілінде сақталмаған. Янушкевич кітабында поляк тілінде жарияланған. Ж-тың екі өлеңі (орысақыны М.Цыбин орыс тіліне аударған) М. Мағауин құрастырып шығарған «Поэты Казахстана» жинағына (Санкт-Петербург. 1978) енген. «Туған елді таныстыру»,»Адольф Янушкевичке» атты екі өлеңін 1995 ж. М.Ыбырайұлы қазақтіліне аударған.