ЕТЕКБАЕВ Мұхамеджан

ЕТЕКБАЕВ Мұхамеджан (Ш.5.1936. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақа. -10.1.1998. Алматы) -балалар жазушысы. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚазҰУ-ды бітірген (1960). 1956 -60 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ақжелкен») газеттерінде тілші, Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі к-тінің балалар редакциясында әдеби қызметкер, 1966 жылдан Жамбыл мұражайының директоры болып қызмет еткен. «Алатау ертегісі» (197),»Алтын мүйізді киік» (1961),»Қисық бүтақ» (1963),»Қызыл ала автобус»(1964),»Болатбек» (1966),»Жапалақ туралы ертегі» (1967),»Алатау ертегісі» (1968),»Жамбылдың музей үйі» (1968),»Айтолқын» (1970),»Қара жартас хикаясы», «Жомарт жаз» (1971). «Сұлу шоқы» (1979). «Бала қыран» (1983),»Таутекелі биігі»(1984) жарықкөрген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *