«ЕСІМ-ЗЫЛИХА» -дастан. Халық ақыны Нұрқан Ахметбековтің төл шығармасы. 1923 ж. ел аузындағы аңыз-әңгімені дастан еттп жазып, 1936 ж. қолжазбасын Қазақ ұлтмәдениеті ин-тына (қазіргі Әдебиет және өнер ин-ты) тапсырған. Дастанда ер көңілді, қайсар Есім серінің Зылиха деген қызға ғашықтығы, екі жастың махаббат жолындағы әрекеті жырланады. Шығарма мазмұны Нұрқан ақынның «Есім-Қадиша» атты екінші дастанымен ұқсас. Мұндағы өзгешелік қыз есімі Қадиша деп алынған. Дастан нұсқасы толық, 11 буынды қара өлеңмен жазылған, «Есім-Зылиха» дастаны ақынның «Тосын толғау» атты жыр жинағында (1958) жарық көрген. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер ин-ты мәтінтану және қолжазбалар бөлімінде сақтаулы.