ЕСТАЙ (Есмағамбет) Беркімбайұлы (1868. Павлодар обл. Екібастұз ауд. Ақкөл а. -1946. сонда) -әнші, ақын, композитор. Қазақстанның еңб. сің. өнер қайраткері (1939). Е. анасы Күлипа мен нағашысы Байтұлымнан көптеген жыр, дастан, толғаулар үйренген. Жарылғапберді, Ақан сері, Балуан Шолақ, Сәтмағамбет, Үкілі Ыбырай, Шашубай сынды әнші-ақындармен бірге үлкен жиындарда ән салып,халыққа танымал болған. «Шолпан қайдан», «Жай қоңыр»,»Назқоңыр», «Майдақоңыр», «Юран-ай», «Бір мысқал», «Ашу-пышақ», «Дүние-ай», «Еркем», Гүлнарайым», «Қоштасу», «Ғашық», «Қаламқас», «Қара көз» әндерісақталған. Ал классик. «Хорлан», «Құсни -Қорлан» әндері Е-дың есімін аңызға айналдырды. Е-дың кеңестік дәуірде «Туды күнім», «Құрбылар», «Өмір», «Қоңыр жел» әндері дүниеге келді. А.В. Затаевич Е. әндерін тұңғыш нотаға түсіруші. Е. 1939 ж. Алматыға келіп Б.Г. Ерзаковичке әндерін нотаға түсіртеді. Сол сапарында Жамбылмен кездесіп, ақын Қ. Аманжоловәншінің өз аузынан «Хорлан» әнін естіп, «Хорлығайын» атты драмалық поэма жазған. (1939). Е. Қазақстан Жазушылар одағының 2-съезіне қатысқан (1939). А.Жұбанов пен Ерзакович Е-дың өмірі мен шығарм. туралызерттеу еңбектер жазған. Ақьш М.Әлімбаев «Естай -Хорлан» поэмасын әнші өміріне арнады (1968).