ЕСНАЗАРОВ Өмірзақ

ЕСНАЗАРОВ Өмірзақ (1930 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд.) -ғалым. филол. ғыл. канд. (1963),доцент (1972). ҚазҰУ-ды бітірген (1952). 1952 -55 ж. Семей пед. ин-тының қазақтілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушы. Абайдың респ. әдеби-мемориалдық мұражайының директоры, ғыл. қызметкері,1955 -56 ж. Оңт. Қазақстан обл.,Арыс ауд. оқу бөлімінің мектеп инспекторы. 1956 -59 ж. Отырар ауд. Қаракөл (қазіргі М.О. Әуезов атынд.) орта мектеп директоры болып қызмет етеді. 1959 -62 ж. М.Әуезов атынд. Әдебиет және өнер ин-тының аспирантурасында оқып,1963 ж. «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихын зертгеудің кейбір мәселелері» деген тақырыпта канд. диссертация қорғайды. 1963 -69 ж. Әдебиет және өнер ин-тының қазақ әдебиеті тарихы бөлімінің ғыл. қызметкері. 1969 -72 ж. Қазақ аш. ин-ты философия кафедрасының аға оқытушысы. 1972 -97 ж. Қазақтың мемл. Қыздар пед. ин-тының философия және экономика теориясы кафедрасының доценті болды. Е. «XXғ. басындағы қазақ ақындарының шығармалар жинағын» (1963) құрастырушылардың бірі. «XXғ. басындағы қазақ әдебиеті» оқулығының (1966) телавторы.» Қазақ әдебиетінің тарихы» 2-томы 2-кітабының жауапты шығарушысы және Ә.Тәңірбергенов жайлы тараудың авторы. Ә.Тәңірбергеновтың «Ұмытпаңыздар мені» өлеңдержинағын (1969) баспаға әзірлеп,алғы сөзін жазды. Е. қазақ, орыс, украин, өзбек, қырғыз, татар тілдерінде жарияланған екі жүзге жуық ғыл.-зерт. және сын мақалаларының авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *