ЕСЕТ Қараұлы (1779 ж.т.. Атырау обл. Қызылқоға ауд. Қарабау а. -1869. Атырау обл. Махамбет ауд. Малайсары алқабы) -жырау. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей әкімш. тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау. Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына оралып,тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет,Абыл ақындармен достық байланыста болған. Е-тен Мұрат Мөңкеұлы. т.б. көптеген ақындар өнеге алған. 1908 ж. Қазанда басылған М.Бекмұхамбетұлының «Жақсы үгіт» жинағында Е-тің «Тауғабіткен қайыңның» деп басталатын қартайған шағында айтқан толғауы жарық көрді. Толғаудағы өзекті мәселе -ерлікке,елдікке үндеу. Е. толғауы 1908 жылдан кейін «Шайыр» (Орынбор. 1910 -12). «Мұрат ақынның сөздері» (Таш.. 1924). «Ертедегі әдебиет нұсқалары»(А., 1967),»Ақберен» (А„ 1972),»Өсиетнама» (А., 1982),»XIXғасырдың қазақ поэзиясы» (А„ 1985),»Бес ғасыр жырлайды»(1-том,А.,1984,1989) жинақтарында жарық көрген.