ЕСЕТ Көкіұлы (1667. Қазақстанның батыс аймағы. Ақтөбе өңірі. -1749) -шешен, батыр, би. Кіші жүздің Тама руынан шыққан. Е. қалмақтарға қарсы шайқастарда Жетіру сарбаздарын бастап, ерлігімен аты шыққан. 1731 ж. Ресей патшасына ант берген Кіші жүз шонжарлары құрамында болған. Еділ бойы қалмақтарының кззақ жеріне шабуылын тойтарудағы ерлігі үшін 1743 ж. Ресей патшасы «тархан» атағын берген. Е. ел аузында сөздері қалған айтулы би. Шешендік,билік сөздерінен Сырым би өнеге алған.