ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ Ханбибі (30. 6.1949 ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Сарыағаш ауд.) -жазушы. Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1998). Сарыағаш аудандық орта мектебінде мұғалім. Сарыағаш аудандық «Қызыл Ту» газетінде қызметкер (1971 -76). 1976 -80 ж. обл. телерадио к-тінде редактор. 1980 -87 ж. халық шығарм-ғы обл. орталығында бас маман. 1987 -92 ж.обл. «Қайырымдылық» қорының төрайымы. обл. «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы. 1992 -93 ж. обл. мәдениет басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1994 жылдан бері Ш.Қалдаяқов атынд. обл. филармонияның директоры. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан»,»Жұлдызым»,»Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік»,»Жыр кітабы»,»Сыр кітабы»,»Шындыққа қарай жүздім мен» прозалық кітаптардың авторы. Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған (2001).