ЕСЕНСАРЫ Құнанбайұлы

ЕСЕНСАРЫ Құнанбайұлы (1890. бұрынғы Семей обл. Аягөз ауд. Таңсық а. -1961, сонда) -ақын. Сәдір ақыннан тәлім-тәрбие алып,он үш жасынан өлең шығарған,халық ауыз әдебиеті үлгілері мен Абай, Әріп, Әсет ақындардың шығармаларын жаттапалып,ел ішіне таратқан. Бірнеше жыл Ә.Найманбаевтың қасына еріп,оның ақындық, әншілік мектебінен өтеді. 1939 ж. халық ақындарының респ. слетіне қатысып,жыр алыбы Жамбылмен сөз қағыстырады. 1945 ж. белгілі халық ақыны Сапарғали Әлімбетовпен айтысқ атүседі. Оның Гүлбаһрам -Сәбит»,»Қазаққызы», «Тобағұл батыр»,»Бөдес батыр»,»Ғаббасұлы Сабыржан»,»Мәлік батыр» (Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллинге арналған) дастандары және «Жеке дара ана» хикаясының авторы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *