ЕСЕНЖАНОВ Хамза Ихсанұлы (25.12.1908. Бат. Қазақстан обл. Ақжайық ауд. -5.12.1974. Алматы) -жазушы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын (1928). ҚазҰПУ-ды (1933). Санкт-Петербургтегі мемл. өнертану ин-тының аспирантурасын (1936) бітірген. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы (1932 -33). КСРО ҒА-ның Қазақ филиалында бөлім меңгерушісі (1936-37). 1937 жылдан Қазақ мемл. филармониясының, кейін Қазақ операжәне балет театрының директоры қызметтерін атқарған. «Өлеңтінің жағасында»,»Қызыл құмақ»,»Күшке -күш» әңгімелері мен «Жер шарында» пьесалары жарық көрген. 1938 ж. жалған саяси айып тағылған. 20 жыл қуғын-сүргіннен кейін,1956 жылдан шығарм-пен айналысқан. Жазушының «Ақ Жайық» трилогиясы (1-кіт.. 1957. 2-кіт.. 1959. 3-кіт., 1965),»Көп жыл өткен соң» (1963),»Ағайынды Жүнісовтер» (1970) романдары,6 томдық шығармалар жинағы (1978-81) жарық көрген. «Ақ Жайық» романы орыс тіліне аударылған (1964. 1969. 1973). Е. орыс ақын,жазушылары М.Шолоховтың «Тынық Дон» романының 1-. 4-кітаптарын, И.С. Тургеневтің «Рудин», И.П. Шуховтың «Өшпенділік» романдарын. А.С. Пушкиннің «Дубровский» повесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемл. сыйл. лауреаты (1967). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.