ЕСЕНБЕРЛИН Ілияс

ЕСЕНБЕРЛИН Ілияс (10.1.1915. Ақмола обл. Атбасар қ. -5.10.1983. Алматы) -жазушы. Қазақ тау-кен және металлургия ин-тын бітірген (1940). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1942 -47 ж. Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы. 1947 -51 ж. Қазақ мемл. филармониясының директоры. 1953 -54 ж. Қазақстан Геологиямин-ндеағаинспектор. 1954 -55 ж. Ақтөбе обл-ндағы Берсүгір шахта басқармасының бастығы. 1955 -57 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасының аға редакторы. 1958 -67 ж. «Қазақфильм» киностудиясының аға редакторы. 1967 -71 ж. «Жазушы» баспасының директоры. 1971 -75 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы қызметтерін атқарған. Алғашқы «Сұлтан», «Айша» дастандары 1945 ж. жарық көрген. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағы (1949),»Большевик туралы поэма» (1957),»Біржан сал трагедиясы» (1959) дастандарының авторы,»Өзен жағасында» (1960),
«Толқиды Есіл» (1965),орыс тілінде жазылған «Адам туралы ән» (1957) повестері жарық көрген. «Айқас»(1966),»Қатерлі өткел» (1967),»Ғашықтар» (1968),»Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971),»Алтын құс» (1972),»Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974) романдары,»Көшпенділер» трилогиясы (1976),»Маңғыстау майданы», «Аманат» (1978) романдары, «Алтын Орда» трилогиясы (1982. 1983),»Махаббат мейрамы», «Алыстағы аралдар» (1983),»Аққу құстың қуанышы» (1984) романдары, шығармаларының он томдық жинағы (1984-90),»Жұлдыздар» (1977) поэмалар жинағы жарық көрген. «Таудағы тартыс» (1962) пьесасы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған. М.Ерзинкянмен бірігіп жазған «Құйма» (1961) киносценарийі бойынша түсірілген фильм елімізде және венгр,поляк,болгар экрандарында көрсетіледі. 40-тан астам өлеңдеріне ән шығарылған. Шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Олардың ішінде «Көшпенділер» трилогиясы. «Адам туралы ән», «Қатерлі өткел», «Ғашықгар», «Айқас» романдары бар. Қазақстан мемл. сыйл. иегері (1968),Еңбек Қызыл Ту (1971),»Құрмет белгісі» (1975) ордендерімен марапатталған. Атбасар қ-ндағы. Алматыдағы мектептерге, көшелерге Е-нің есімі берілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *