ЕСДӘУЛЕТ Ұлықбек (29.4.1954 ж т., Шығ. Қазақстан обл. Зайсан ауд. Үлкен Қаратал а.) -ақын. ҚазҰУ-ды (1977). Мәскеудегі Әдебиет ин-ты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген (1985). 1977 -88 ж. «Казақстанпионері»(қазіргі»Ұлан») газетінде,»Жазушы» баспасының поэзия редакциясында редактор,»Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі. 1988 -91 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы. 1991 -93 ж. «Жас қазақ» газетінің бас редакторы. 1993 -97 ж. ҚР Сыртқы істер мин-нің бас маманы. 1997 -2001 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім мин-нің Тілдерді дамыту департаментінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ақын өлеңдері шет ел тілдеріне аударылған. Оның өлеңдеріне белгілі сазгерлер ән жазған. «Қанат қақты», «Көздеріңе ғашықпын», (1974), «Жұлдыз жарығы» (1977),»Алтайдың алтын тамыры» (1970),»Ұлыстың ұлы күні» (1982),»Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989),»Жүректегі жарылыстар» (1996),»Заман-ай»(1999),»Киізкітап»атты өлеңдер жинақтары жарық көрген. Е. «Жалын» журналы ұйымдастырған жабық бәйгесінің жеңімпазы (1982). Қазақстан Жастар Одағы сыйл. (1986). Қазақстан мемл. сыйл. (2002) лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған (2001).