ҒҰМЫРНАМА

ҒҰМЫРНАМА, мемуар (грек. bios-өмір,grapho-жазамын) -жеке тұлғаның өмірі мен атқарған жұмыстарының жылнамасы. Әдебиетгану ғылымында жазушының өмір жолын зерттеу. Бұл зерттеушілік жұмыс үшін өте қажетті,өйткені суреткердің өмірлік тәжірибесінің әлеум. тұрмыстық жай-күйі, толғаныстары көркем шығарм-та көрініс береді. Көркем образдардың прототиптерін білуге. шығарм. процесте жеке өмірлік материалдардың қорытылу жайын түсінуге, суреткердің лабораториялық құпиясын ашуға көмектеседі. Сондай-ақ, күнделіктер, хаттар, замандастарының естеліктері және суреткердің өзі жазып қалдырған әр түрлі деректер ғұмырнама жазуға негіз болады. Биографияның бір түрі -автобиография, яғни,автордың өзі жазып қалдырған ғұмырнамасы. Ғ. -к ө р к е м Ғ., ғ ы л. Ғ., академиялықҒ., т.б. түрлерге бөлінеді. Ғ. жазу дәстүрі көне дәуірден басталады (мыс.. Плутахтың «Салыстырмалы өмірі»). Әлемдік әдебиетте Ғ. жазудың шеберлері қатарында Дж. Вазары, Дж. Фостер, С.Цвейг, Р.Роллан, т.б. аталады. Көне түркі ескерткіштері де (7 ғ.) Ғ. үлгісімен жазылған. Мүның өзі қазақ әдебиетіндегі Ғ. жанрының тарихы ертеден басталатынын аңғартады. М.Дулатовтың20 ғ. басындағы Ғ-лық мақалалары, М.Әуезовтің Абай, А.Жұбановтың Құрманғазы өмірі мен шығарм. туралы жазған кітаптары қазақ әдебиетіндегі Ғ. жанрының кемелденуіне ықпал етті. Кеңестер Одағында «Тамаша адамдар өмірі» Ғ-лық сериясы танымал болған. 20 ғ-дың соңында Д. Қонаев, X. Ерғалиев, М. Мағауин, Ә. Нұршайықов, Қ.Жұмаділов, т.б. тұлғалардың Ғ-лық шығармалары жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *