ҒҰЛАМА, ұлама (араб. -«білгір», «дана») -білімді, оқымысты ғалым, асқан ақыл-ойдың иесі. Ислам дінінің таралуына орай қазақ халқы Құран Кәрімнің аяттарын, шариғат пен хадис талаптарын жатқа білетін әрі мұсылмандықтың этик.-құқықтық қағидаларын жетік меңгерген адамдарды «Ғ.» атаған. Ғ-лар медресе-мешіттердегі рухани лауазым иелері -мұхаддис, факих, мұтақалим, дамолла, т.б. тәрізді шәкірт тәрбиелеп, ел қүрметіне бөленген. Сондықтан қазақ халқының дәстүрлі ұғымында Ғ-лар ғылым-білім игеруге құштарлықтың, рухани тазалықтың, ұлағаттылық пен кемелдіктің иесі. Өз заманынан оза ой айтып, құнды әдеби-ғыл. мұралар калдырған, сол арқылы ұлт мәдениетінің кемелденуіне үлес қосқан кемеңгер тұлғаларды (мыс., әл-Фараби, Абай, Қ.Сәтбаев, т.б.) да құрметтеп, Ғ. деп атайды.