ҒЫЛЫМИ ФАНТАСТИКА (ағылш.science fiction -ғыл. туынды) -көркем әдебиетте, сондай-ақ, кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанрлық түр. Ғ. ф. өнердегі дербес жанр ретінде 20 ғ-да қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Фантастика (грек.phantasia-қиялдау, phantastike -қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара жігі жыратылмаған. Әдебиетте Ғ. ф. -ғ ы л. поэзия және ғыл. проза болып, екі пішінде қалыптасты. Ғыл. поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғыл. поэзияның белгілері ежелгі дәуір еңбегінің өкілі Рим ойшылы К.Лукрецийдің «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы Ғ. ф. жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, филос.-әлеум. бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғ. ф. прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арнаулы саласына айналды. Әлемдік әдебиеттегі Ғ. ф-ның ірі өкілдері: Ж.Верн, Г.Уэллс, О.Чапек, СЛем, Р.Бредбери,А.Кларк, Р.Шеклин,О.Хаксли, А.Р. Беляев, И.А. Ефремов, А.Азимов, К.Сайман, ағайынды А.Н. және Б.Н. Стругацкийлер. Зерттеушілердің пікірінше қазақ әдебиетіндегі Ғ. ф. жанрының алғашқы белгілері ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыш кілем», т.б.) аңыздардан («Қорқыт Ата», «Баба түкті шаштыӘзіз», т.б.) бастау алады Ғ. ф. дербес жанр ретінде А.Машанов, Т.Сұлтанбеков, М.Сәрсеев, А.Мархабаев, Р.Баймаханов, Ш.Әлімбаев, т.б. шығармалары арқылы қалыптасты.