ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАР -ғылыми зерттеулер мен жаңалықтарды насихаттап, жұртшылыққатаныстырып отыратын салалықне ғылыми-көпшілік мерзімді басылымдар. Ғ. ж. жедел ақпарат беру құралы ретіндегі баспасөздің бір саласы болғандықтан оқырмандарға ғыл. жаңалықтарды уақытылы жеткізіп тұратын, сондай-ақ, жаңа зерттеу жұмыстарын сарапқа, талқылауға ұсынатын маңызды басылымдар бо-лып табылады. Ғ. ж. оқырмандардың белгілі бір тобына немесе жалпы көпшілікке арналуына байланысты таза ғыл. журнал және ғыл.-көп-шілік журналдар болып
жіктеледі. Таза Ғ. ж-ға ғылымның белгілі бір саласына, соған орай тек сол саламен айналысатындар мен әуестенушілердің шектеулі тобына арналған журналдарды жатқызуға болады. Мыс., «Қазақ тілі мен әдебиеті», т.б. Ал ғыл.-көпшілік журналдарға ғыл. негіздегі, бірақтақырып аясы шектеусіз, жалпы халыққа арналған журналдар жатады. Қазақстанда шығатын мұндай ғыл.-көпшілік басылымның ең алғашқыларының бірі -ай сайын шығатын «Зерде» (бұрынғы «Білім және еңбек») журналы. Кейін республикада «Ізденіс -Поиск», «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы», «Известия Национальной академии наук Республики Казахстан», «Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан», «ҚазҰУ хабаршысы», «Вестник КазНУ»,»Қазақтілі мен әдебиеті», «Ақиқат», «Қазақстан мектебі», «Жұлдыз»,»Жалын», т.б. журналдар саны көбейді