ҒАҚЫЛИЯ

ҒАҚЫЛИЯ (араб. -ақылмен үғыну) -дүние сыры терең таразыланған ой-пікірлер. Прозаның алғашқы қысқа да нұсқа үлгілерінің бірі. Ғ. термині қазақ әдебиеті тарихында исламдық танымға байланысты Абайдың 38-қара сөзінде, Ы.Алтынсариннің «Шариат-ул-ислам» деп аталатынкітабында(Мұсылмандық тұтқасы, А, 1991. 18-6.), Мәди Меркішұлының «Туһфа уа жүмхурият» рисаласында (Ташкент, 1917. 24 б.) алғаш рет қолданыс тапқан. Ғ-а жүйріктер хакім, нақылияға жүйріктер ғалым аталады. Хакім ғалымнан биік тұрады, өйткені хакім ғылымның бір саласымен ғана айналыспай, ортақ заңдылықтарды танып ашуға ұмтылған бесаспап ойшылдығы себепті де бұл дәрежеге жете алады. Абай 38-сөзінде адамдарды төрт топқа бөліп қарайды. Осы себепті болса керек, М.Әуезов Абайдағы мораль философиясын сөз еткенде «38-қара сөзді» бөле-жара «ғақылият тасдихат» деп атауына терең ойлы таным жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *