ҒАЛИЯ МЕДРЕСЕСІ

«ҒАЛИЯ МЕДРЕСЕСІ»,Ме д р е с е Ғ а л и я -Башқортостанның Уфа қ-нда 1872 ж. ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орны. Оның ұйымдастырушысы түркі зиялысы Зия Камали. Медресенің «Ғалия» (арабша-«ұлы», «мәртебелі» ) аталуы оның жоғары дәрежелі ежелгі оқу орны екенін аңғартады. «Ғ. м.» Еділ бойы, Орт. Азия, Казақстан аумағына жоғары білімді оқытушы мамандар даярлаған прогресшіл бағыттағыбілім ұясы болған. Онда дін сабақтарымен қатар араб, парсы, түрік тілдері, исламдық құқық (шариғат), шығыстану тарихы, арифметика, география, математикамен қатар орыс тілі мен әдебиеті де оқытылған. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында «Ғ. м-нде» көптеген талапкер қазақ жастары оқыған. Солардың ішінде М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев,Қ.Оразбаев, И.Тасболатов, Ш.Назаров, Ғ.Тоқшарбеков, Ғ. Қамзин, Мұхамедғали Оразбаев, т.б. небары 1913 ж. қазақтан 50 бала оқыған. Мұнда қазақ қыздары да оқыған. Медреседе жалпы 500-ге таяу шәкірт білім алған. «Ғ. м-ндегі» қазақ шәкірттерінің қаражатымен 1911 ж. «Әліппе яки төте оқу» атты қазақша оқулық, 1913-14 жылдан бастап Б.Майлиннің негіздеуімен «Садақ» атты журнал шығарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *