ҒАЗИЗ Файзоллаұлы

ҒАЗИЗ Файзоллаұлы (т.ж.б., Ақмола обл. Целиноград ауд. Қараөткел а. -1930. Петропавл қ.) -әнші, ақын, композитор. Қоянды жәрмеңкесінде өнер сайысына түскен. Әнді, көбінесе, он екі тілді сырнаймен орындаған. Оныңекі әні А..В.Затаевич құрастырған «Қазақ халқының 1000 әні» жинағында жарияланған. Ғ-дің әншілік талантын Ақансері, К.Бабақов, Ж.Елебеков, жазушы С.Мұқанов жоғары бағалаған. Ғ. -«Мұқыш қыз», » Қарақат», » Төрт Райхан», «Қарағайлы», «Қоңыр», «Шалқыма», «Көктің көлі», «Қайран Мұқыш», «Ақ еркеш», «Іңкәржан», «Қарындаш», т.б. әндердің авторы. Оның әсіресе, «Ғазиз», «Шалқыма» әндері халық арасына кең тараған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *