ҒАБДУЛЛИН Нығмет

ҒАБДУЛЛИН Нығмет (26.12.19-27 ж.т.,Ақмола обл. Рузаев ауд. Шұқыркөл а. -11.7.2005. Алматы) -жазушы,ғалым,филол. ғыл. докт. (1973),проф. (1975), Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (1998). ҚазҰПУ-ды бітірген (1950). 1950-62 ж. «Лениншіл жас»(қазіргі»ЖасАлаш»),»Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгеруші, 1962 -63 ж. Алматы шет тілдері ин-тында аға оқытушы,1964 -70 ж. «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары, бас редакторы. 1969 жылдан ҚазҰПУ-да оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерінатқарған. Алғашқы очеркі «Алтын жұлдызды студент» 1949 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде жарияланған. Американ жазушысы Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз»,орыс жазушылары М.Шагинянның «Ульяновтар семъясы» В.Быковтың «Альпіаңызы»,»Атар таңға аман жетсе» повестерін. Г.Марковтың «Жер құты» романын қазақ тіліне аударған. Әңгімелері орыс, өзбек,тәжік,армян,т.б. тілдерге аударылған. Халықар. «Алаш» әдеби сыйл. иегері(1995).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *