ҒАБДУЛЛИН Мәлік (15.11.1915. Көкшетау обл. Зеренді ауд. -2.1. 1973. Алматы) -жазушы,ғалым, қоғам қайраткері, филол. ғыл. докт. (1959), проф.(1959), КСРОПед.ҒА-ның акад. (1959), Кеңес Одағының батыры (1943),ҚР-ның еңб. сің. ғылым қайраткері (1961). ҚазҰПУ-ды бітірген (1935). 1938 ж. КСРО ҒА-ның Қазақстандағы филиалында кіші ғыл. қызметкер,респ. ғыл.пед. мекемелерінде қызмет еткен. 1944 -46 ж. КСРО Қорғаныс Мин. Жоғ. Саяси Басқармасында бөлім бастығы. 1946 -51 ж. ҚР ҰҒА-ның Тіл және әдебиет ин-таның директоры. 1951 -63 ж. ҚазҰПУ-дың ректоры,1963 -73 ж. Әдебиетжәне өнер ин-тында бөлім меңгерушісі болған. Ғ-нің алғашқы туындылары дивизиялық,майдандық газеттерде жарық көрген. Ғ-нің әдебиетші Т.Сыдықовпен бірігіп жазған «Қазақ халқының батырлық жыры» кітабына Қазақстан ҒА-ның Шоқан Уәлиханов атынд. сыйл. берілді (1972). Ғ. 2 -4-сайланған КСРО Жоғ. Кеңесінің депутаты, Ленин ордені, Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл жұлдыз, I Дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.