ҒАБДУЛЛИН Кенжеғали (т.-ө.ж.б., Ақтөбе уезі,Әлімбет болысында туған)-ақын, ағартушы,журналист. Қазан қ-ндағы Мұхаммедия медресесін бітіріп,еліне келгесін іргелес Малбақ қажы а-нда бала оқытқан. Қазақстанда Кеңес өкіметі орнаған соң, «Еңбекші қазақ» газеттерінің редакциясында жұмыс істейді. Ақтөбе обл. «Кедей» газетініңредакторы,Шымкентте обл. газет қызметкері болған. Қазан баспаханаларынан «Қазақтың қамы» (1912),»Ұран» (1914) өлеңдер жинағын,татартілінен аударған «Ислам негізі» (Қазан. 1911). «Қазақ балаларына жәрдем» (Қазан. 1913),»Өнеге яки нәмуне» (Қазан. 1913). «Қазақ балаларына жәрдем» (Қазан. 1913) аталатын үш кітабы кезінде қазақ мектептерінде оқу құралы ретінде қолданылды.