ҒАБДУЛЛИН Бигелді Қайырдосұлы (31.7.1955 ж.т.,Ақмола обл. Макинка ауд. Қыстау Қарағай мекені) -жазушы, әдебиет сыншысы. ҚазҰУ-ды бітірген (1981). 1980-1983 ж. «Ленинская смена» (кззіргі «Экспресс-К») газетінде тілші,әдеби бірлестік жетекшісі. Қазақстан ЛКЖО ОК-ті жанындағы респ. жастар шығарм-ғы бірлестігі төрағасының орынбасары,1983 -1985 ж. «Казахстанская правда» газетінде тілші,1985 -1989 ж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші,көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болған. 1997 жылдан «XXI век» газетінің бас редакторы. Алғашқы әңгімесі «Таңдау» 1981 ж. «Студенческий меридиан» журналында жарияланған. Шығармаларын орыс тілінде жазады. «Өмірді түсінуге құштарлық» (1983),»Жанымыздан тазалық арылмасын» (1983),»Ғасырларға санамыз саяхатгап» (1985),
«Тәубеге келу» (1986),»Тарих пен тарихилық» (1990),т.б. кітаптары жарықкөрген. Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын (1987. 1989). Т. Жұртбаевтың » Алып тұлға» деректі повесін (1991). Қ.Жұмаді-ловтың «Атамекен» романын (1992) орыс тіліне аударған.