ҒАБДУЛЛАҰЛЫ Серік (17.8. 1937 ж.т., Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Шымқораа.) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1966). 1966-91ж. Шығ. Қазақстан обл. «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетінде тілші, 1991-95 ж. Шығ. Қазақстан обл. «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы,2001 жылдан Өскеменде шығатын «Ақ Ертіс» журналының бас редакторы,»Көктем лебі» (топтама 1975). «Бұқтырма сарыны» (1978),»Көктем -көкөрім шағым» (1982),»Ақ босаға» (салт-дәстүр танымы. 1993),»Жылдардан жеткен жаңғырық» (1995. очерктер жинағы),»Сөйле, менің жүрегім» (1998),»Алтай асу» (2003),»Ұланғайыр» (2003) жыр жинақтары жарық көрген.