ҒАББАСОВ Энгельс Ғаббасұлы

ҒАББАСОВ Энгельс Ғаббасұлы (17.1.1937 ж.т.. Бат. Қазақстан обл. Жалпақтал ауд. Жалпақтал а.) -жазушы,филол. ғыл. канд. (1976), доцент (1978),Қазақстанның еңб. сің. қайраткері (2001). Орал пед. ин-тын (1957). Алматы жоғары партая мектебін (1966),КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасын (1976) бітірген. 1957 -68 ж. мұғалім. комсомол жұмысында. 1996 жылдан Орал обл. партия к-тінде жауапты қызметте болған. 1995 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының және халықар. ПЕН-клубтың мүшесі. Екі рет ҚР (1996.1997) Парламентінің депутаты болып сайланған. Бат. Қазақстан өңіріндегі сынақ полигондарын жабу жолындағы қоғамдық қозғалыстың жетекшісі. Алғашқы әңгімесі «Қарт шопан» 1965 ж. «Простор» журналында жарияланған. Шығармаларын орыс тілінде жазады. «Азаматтық асау аты» (1969),»Жапандағы жалғыз ағаш» (1976),»Өткен жаз бен осы қыста» (1979),»Ақша қар үстіндегі жасыл жапырақ» (1982), «Кішкентай бала мен екі еркек» (1983),»Махаббат хикаясы» (1984),»Ескірмейтін соқпақ жол» (1989) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген. «Құрмет белгісі» орденімен марапатгалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *