ҒАББАСОВ Сабыржан Ғарапшаұлы (1889. Шығ. Қазақстан обл. Аягөзқ. -16.7.1918. сонда) —
журналист. 20 ғ-дың басындағы саяси төңкерістер құрбаны. Ұлты татар. Өз әкесі Ғарапша Мұхаммедшәріпұлы 1879 ж. Сергиополь (Аягөз) қ-нда ашқан медреседе білім алып,1905 -12 ж. Қазан қ-нда оқыған. 1912 жылдан Сергиопольде мұғалім болып қызмет етеді. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, қазақ, татар,орыс тілдерінде шығатын басылымдарға мақалалар жариялап тұрған. «Айқап» журналына қазақтардың шаруашылығы,мәдени өмірі,тарихы туралы 15-ке жуық мақала жариялаған. 1-дүниежүз. соғыс басталысымен Ғ. әскери қызметке алынады. 1915 ж. жауынгерлер арасында рев. үгіт-насихат жүргізді деп айыпталуына байланысты әскерден қашып, Бішкек, Әулиеата, Шымкент қ-ларын паналайды. Кейін Кавказға өтіп кетеді. 1916ж. Верный (Алматы) қ-на оралып, мұнда газет-журналдарға «Аягузи» деген лақап атпен мақалалар жариялап тұрған. 1917 ж. Семей қ-нда әдеби-драмалық үйірме ұйымдастырған. 1918 ж. Верныйда шығатын «Вестник Джетысуйского трудового народа»,»Мұқбір», «Заря свободы» газеттерінің редакциясында қызмет еткен. 1918 ж. 19 маусымда ақ гвардияшылармен болған шайқаста қолға түсіп, азапталып өлтірілген.