Қарт анам көпті көрген–қара ошағым,
Бәріне куәсің ғой тамашаның.
Тағы да сендіресің–
Сен білесің,
Қашаннан жерге түскен жара санын.
Сарнатып сар желдіріп сары атанын,
Соққанда суық желі қарашаның,
Тоңдырмай қара қостың балапанын,
Жылыттың аналардың алақанын…
Тағасы тағатымның бітті сынып,
Аймала алауыңды тік түсіріп.
Қазанға бара салып бас қояйын,
Қара ошақ, жатырмысың сүт пісіріп?!.
НЕСІПБЕК АЙТҰЛЫ