«ЕҢЛІК-КЕБЕК» -екі жастың махаббатын жыр ететін шығармалардың жалпы атауы. Шығармаға өмірде шын болған ғашықтар Еңлік пен Кебектің трагедиялық тағдыры арқау болған. Сюжеті әңгіме түрінде «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз» деген атпен 1892 жылы»Дала уәлаятының газетінің» 31 және 39-сандарында басылған. Дастанға ұқсас қара сөзбен тағы бір сюжет «Дала уәлаятының газетінің» 1900 жылы46-санында «Қазақ тұрмысынан хикая» деген атпен қайта басылған. Бүгінгі күнде жыр түрінде жеткен «Еңлік-Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі -1912 жылыСемейдегі «Жәрдем» баспасынан жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкерім жазған «Жолсыз жазаяки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі -Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік-Кебек» дастаны. Шәкерім нұсқасы 1988 жылыекі қайтара жарық көрді. Поэма 652 жолдан тұрады. Көлемі шағын болғанымен, эпик. тынысы кең, сюжеті күрделі, оқиғаға бай, драмаға толы шығарма. М.Әуезов жеке кітапханасында сақгалған Мағауия Абайұлы дастанын 1941 жылы К.Мұхамедханов баспаға әзірлеген. Бұл қолжазба тек 1960 жылыбаспадан шығарылған «Дастандар» деген жинақта алғаш рет жарияланды. Осы нұсқа туралы Әуезов: «…Образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл шығармасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын» деп жоғары бағалады. Ұлы жазушы «Еңлік-Кебек» дастанының арқауымен осы аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Еңлік пен Кебекке ескерткіш орнатылған.