«ЕР ОЛЖАБАЙ» -батырлықжыр. Жырда 18 ғ-да Абылай хан тұсында өмір сүрген қазақтың атақты батырларының бірі Олжабай Толыбайұлының ерлігі баяндалады. Ел аузынан жазылып алынған, шығарушысы белгісіз бұл шығарма қазір Орталық ғылымикітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Дастанда жырланатын батыр Орта жүз ішіндегі Арғынның Сүйіндік руынан шыққан. Шын аты -Алажақы, халық қойған лақап аты — Олжабай. Оның жорыққа шыққанда мінетін Тайкөк дейтін тұлпары болған. Алжақы жау шебін бұзарда «Олжа-байлап» шабады екен. Сондықтан Алжақының лақап аты да, ұраны да «Олжабай» болып, бүкіл Орта жүзге жайылған. Бұл дастанмен бірге атақты батыр өмірінің әр кезеңін бейнелейтін аңыз-әңгімелер, жеке жыр-өлеңдер де бар. Мыс., «Олжабайдың батыр атануы» атты аңыз-әңгімеде Олжабайдың қалмақ батырын жекпе-жекте өлтіріп, алғаш батыр атануы суреттелсе, «Абылай ханның Сарыарқаны алғаны» атгы аңыз-әңгімеде қалмақ ханы Қалдан Цереннің әскерін жеңіп қырғынға ұшыратқаны баяндалады.