«ЕР ЖӘНІБЕК»-тарихи жыр. Ер Жәнібектің жоңғар қалмақтарына қарсы күресі баяндалған. Жырдың бір нұсқасы «Ер Жәнібек» деген атпен 1995ж. «Жұлдыз» журналының 5-6-сандарында
жарияланған. Жыр Жәнібектің әкесі ерте қайтыс болғандықтан, оның тәрбиесі нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек бидің қолына өтуінен басталады. Он сегізге келіп, күш қайраты толысқан кезінде Жәнібек Абылай қолына қосылып, жоңғарға қарсы жорыққа аттанады. Жырда Жәнібек батыр ғана емес, айтулы шешен адам ретінде көрінеді. Қолжазба Орталық ғылыми кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.