ЕРІМБЕТ Көлдейбекұлы (1844 ж.т., Сырдария губерниясы, Қазалы уезі, Қалыңбас болысы, 8-а, -1916. Қызылжар) -ақын. Он алты жасында Хорезмдегі медреседе оқыған. Екі-үш жылдан кейін қаржы тапшылығынан оқуын үзіп Қызылқұмда бала оқытқан. Сыр бойындағы Қалыңбас болысында хатшы, болыс болған. Е. шығармалары Хиуа, Сыр, Сарыарқа елдеріне көбірек тараған. Ол шыққан руына орай халықарасында»Қарасақал Ерімбет» деген атпен белгілі. «Аңласақ», «Шәй», «Бүл дүние», «Темір болат», «Әзберген діліш», «Қыпшақбай», «Беташар», «Бәтсайы», «Халыққа атан жақсы шал», т.б. өлең, толғаулар, «Атымтайжомарт», «Сәдуақас сахи», «Ақтам сахаба», «Әбуссина», «Мағауия», т.б. дастандар мен хикаялар жазып, Жекей қызбен, Кете Жүсіппен, Шораяқтың Омарымен, Құттыбаймен, Байқабылмен жазбаша айтысқан. Е. тарихи-этногр. толғауларды көп жазған («Қырдөңірек», «Шәй туралы»,т.б.).