ЕРУБАЕВ Саттар (1914. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан ауд. -2.6. 1937. Алматы) -жазушы. 1924 жылға дейін жетім балалар үйінде тәрбиеленген. Түркістан жеті жылдық мектебін (1927). Қазақстан Оқухалық комиссариатының жоғ. оқу орнына даярлау курсын (1930), Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) тарих, филос. және лингвистика ун-тін (1933) бітірген. 1927 ж. Түркістан ауд. комсомолк-тінде қызмет істеген. «Ленинская смена» газетінің мәдениет және әдебиет бөлімін басқарған. Кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газеті редакторының орынбасары, әрі Алматы жоғары а.ш. мектебінің философия кафедрасында ассистент. 1934 -35 ж. «Карағанды пролетариаты» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1936 -37 ж. ҚазҰПУ-дың доцен-ті. М.Жанғалинмен бірге қазақ мектептерінің 10-сыныбына арналған «Әдебиет хрестоматиясын» құрастырған. «Ақын жыры» (1933),»Үш шахтер туралы баллада» (1934),»Меруерт алқа» (1936). т.б. баллада,өлеңдері мен «Бақыт» (1934. 1936),»Келесі соғыс туралы» (1934),»Өмір көркемдігі» новеллалары жарияланған. «Өмір келбеті» (1933),»Төрт қыз» (1935) очерктері, «Жалқаулар» (1933),»Сенбіліктен қашқан бәтеңке көрдіңдер ме?» (1933) сықақ әңгімелері. «Асқар қайта құрылыс дәуірінде» (1932),»Қолғабыс» (1933),»Балалар әдебиетін жасайық» (1934),т.б. публицистикалары, «Менің құрдастарым» романы (1937) жарық көрген. Е. аударма саласында орыс жазушылары К.Чуковскийдің «Сарыарқаның ерлері», Ю.Березиннің «Сексенбайдың қысқаша өмір тарихы». А.Сурковтың» Бір қатарда»,сондай-ақ жапон жазушысы Ридзимори Си Китидің «Қол соқпаған адам»,немістің прогресшіл жазушылары С.Глецтің «Фашистермен соғыс». Ф.Войскоптың «Сыналу», И.Эренбургтің «Австрия тауларында» атты шығармаларын қазақ тіліне аударған. Е-тың шығармалары 1957 ж. орыс тілінде жеке жинақ болып басылды. Қазақстан Комсомолы сыйл. иегері (1966). Түркістан қ-нда Ерубаев мұражайы жұмыс істейді