ЕРТІЛЕУ (т.ө.ж.б. Бат. Қазақстан обл. Жаңақала ауд.) -19 ғасырда өмір сүрген қиссашыл ақын.
Заман, өмір құбылыстары жайлы өлең, жыр толғаған. Жастай құрт ауруына шалдығып, өлер алдында елін, жерін қимай қоштасқан өлеңі ел арасына кең тараған. Бұл өлеңнің бірнеше нұсқасы Орт. ғыл кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер ин-ты Қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.