ЕРМАН Жүрсін (12.2.1951 ж.т, Қарағанды обл. Жезді ауд. Байқоңыр а.) -ақын. ҚазҰУ-ды (1976). Алматыдағы жоғарғы партия мектебін (1982) бітірген. 1966 -68ж. Жезді ауд. газетінде қызметкер, 1971 -80 ж. Жезқазғантелерадиок-тінде редактор,бас редактор. 1982 -92 ж. Қазақ респ. телерадио к-тінде бас редактор,1992 -93 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгеруші, «Ақ құс» Қазақстан ауыл жазушылары респ. ассоциациясының вице-президенті, президенті, 1994 -96 ж. «Қазақ мемлекеті», «Қазақстан қанаты» газеттерінің бас редакторы,»Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. «Жанартау», «Арайлы күн, армысың», «Ұлытауға бардың ба…» атты кітаптары жарық көрген. Қазақстан Жазушылародағы сыйл. иегері (1986).