ЕРГӨБЕК Құттыбайұлы (1865. Оқг. Қазақстан обл. Қызылқұм ауд, Шәуілдіра.-1917. Өзбекстан)-ақын. Анасы Ақбөбек Е-ті бала күнінен ән-жырға баулып өсірген. Е-тің «Қалпеге құда болып ек…», «Айдайды-ау бір шыбықпен бәрімізді»,»Не жаздым?», «Жанкелдінің сазы кетіп…», «Іздірәсти, Неколай» өлеңдері мен «Сәлем де туған елдерге» толғауы сақталған. Ақын шығарм-ғы туралы ғалым Ә.Оспанұлы «Қаратау шайырлары» кітабында (1991) арнайы тоқталған. Е. өлеңдері «Бес ғасыр жырлайды» жинағында (1985. 3-т.) жарияланған.