ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы (26. 12.1952 ж.т., Оңт. Қазақстан обл. Отырар ауд.) -ғалым, филол. ғыл. докт. (1995). ҚазҰУ-ды бітірген. (1975). 1975 -76 ж. Әдебиет және өнер ин-тында аға лаборант, 1976 ж. респ. Халық шығармашылығы (Қазіргі Қазақ мәдениет және өнертануғыл.-зерттеу институты) үйіндеаға методист, 1976 -78 ж. С.Мұқанов мұражай үйінде аға ғыл. қызметкер, 1978 -87 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1987 -90 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде тілші, аға тілші, 1990-92 ж. Әдебиет және өнер ин-нда аға ғыл. қызметкер, «Ақиқат» журналында тілші, бөлім меңгерушісі, консерваторияда аға оқытушы, 1992 -96 ж. Шымкент
қ-ндағы Халықаралық қазақ-түрік ун-тінде доцент, проф.,кафедра меңгерушісі. тарих-филол. ф-тінің деканы, ректордың ғыл. істері жөніндегі проректоры, 1996-99 ж. Әдебиет және өнер ин-тында бас ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1999 -2003 ж. Түркістан қ. әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2003 жылдан Шымкент қ-ндағы Халықар. қазақ-түрік ун-тінде проректор,»Жан жылуы», «Мейірім шуағы», «Сәбит Мұқанов» (1989),»Қазақ совет балалар жазушылары» (1987), «Баянғұмыр» (1992), «Жақсыдан қалған сөз» (1992), «Өтебай Тұрманжанов» (1992) «XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1994) оқулық,сын зерттеу еңбектерінің,»Адасқандар ақиқаты», «Сібір сабақтары» деректі повестерінің авторы.