«ЕЛІМ-АЙ» -жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі (1723-25) қазақ халқының басына төнген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұң-зарын толғайтын тарихи сазды өлең. «Елім-ай» «халық өлеңі». «Қаратаудың басынан көш келеді» өлеңін ең алғаш рет баспасөзде жариялаған -М.Тынышбаев. Бұл жырды кейінірек А.Байтұрсынұлы, Ж.Досқараев, Ә.Кекілбаев пен М.Мағауиндер де жариялаған. Фольклор-танушы М.Оразаев тапсырған нұсқаны Ы.Дүйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең туралы С.Сейфуллин, К.Жұмалиев, Н.С.Смирнова, Б.Уақатов, Г.Тұрсыновалар мақалалар жазды. Кейбір зерттеулерде (М.Оразаев нұсқасында) жырдың авторы ретінде арғын Топыш ақынның аты аталады, алайда мұндай кісі туралы дерек жоқ. Жыр өзінің жүрек тербейтін мазмұнымен қатар, әдемі де әуезді әуенге құрылған.