ЕЛУБАЕВ Смағұл (1947 ж.т., Түркіменстан, Шаржоу обл.) -жазушы. 1961 ж. Қазақстанғақонысаударған. ҚазҰУ-ды (1971). Мәскеудегі сценаристер дайындайтын жоғарғы курсты (1975) бітірген. 1976-92 ж. «Қазақфильм» киностудиясында қызмет істеп,1992 -95 ж. респ. «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бас редакторы қызметін атқарған.1995 жылдан Прага қ-нда Американың «Азатгық»радиосында қызметте,Е-тың «Ойсыл-Қара» (1972), «Саттар соқпағы» (1974),»Жарық дүние» (1978),»Білте шамныңжарығы»,»Ақ боз үй» (1989), «Мінажат» (1994),»Жалған дүние» (2001) кітаптары жарық көрген. Бірнеше кітабы орыс тілінде жарияланған. Е-тың «Ақ боз үй» романы бойынша «Қазахфильм» киностудьясы «Сұрапыл Сұржекей» екі сериялы көркем суретті фильм (1991) түсірді (реж. Д.Манаев). «Сұрапыл Сұржекей» 1992 ж. Ашғабад, 1996ж. Анкарада өткен кинофестивальдың бас жүлдесін жеңіп алды. Е-тың сценарийі бойынша «Қызыл отау» (С. Нарымбетовпен бірге жазылған, реж. Қ.Қасымбеков, 1989). «Ай астындағы үй» (реж. Б.Омаров, 1983), «Өтелмеген парыз»
(Т.Әбдіковтің «Қыз Бәтіш пен Ер Сейіт хикаясы» бойынша. реж. С.Жармұхамедов. 1983), «Батыр Баян» (М.Жұмабаев поэмасы бойынша. реж. С.Тәуекелов. 1992). т.б. толық метражды көркем суретті фильмдер түсірілген.