ЕЛЕУКЕНОВ Шериаздан Рүстемұлы (3.9.1929 ж.т.. Шығ. Қазақстан обл. Ұлан ауд. Аршалы а.) -ғалым. филол. ғыл. докт. (1988). проф. (1990). Қазақстанның еңб. сің. мәдениетқайраткері(1981).
ҚазҰУ-дыбітірген (1951). 1951 -59 ж. Шығ. Қазақстан обл. «Алтай большевигі», «Коммунизм туы» газеттерінде әдеби қызметкер,бөлім меңгерушісі,1959 -63 ж. ҚазҰУ-даағаоқытушы. 1967 -71 ж. Қазақстан КП ОК-нің аппаратында нұсқаушы. сектор меңгерушісі,бөлім меңгерушісінің орынбасары,1971 -86 ж. Қазақстан Баспа,полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. к-тінің төрағасы. 1986 -88 ж. Әдебиет және өнер ин-тының директоры,1988-96 ж. Қазақстандағы орыс әдебиеті бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997 жылдан аталған ин-тта бас ғыл. қызметкер және ҚазҰУ-дың проф-ы. Шығармалары 1946жылдан жариялана бастаған. Ш.Құдайбердіүлы. М.Жұмабаев. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов. Ж.Аймауытовтардың өмірі мен шығарм-ғы туралы «Жаңа жолдан» («С новой строки») атгы кітап жазды (1989). «Әттең, дүние» романы (2002) мен «Мұхаметжан -Мархума» (1998) деректі повесі, «Қазақ романы және қазіргі дәуір» (орысша. 1968). «За-мандас парасаты» (1977). «Фоль-клордан роман-эпопеяға дейін» (орысша. 1987). «Мағжан» (1995). «Әдебиет және ұлттағдыры» (1997)кітаптары жарық көрген. «Кітаптану негіздері» (1997),өзге авторлармен бірігіп жазған Газет жанрлары» (1964),»Қазақ әдебиетінің тарихы» (1999),»Сұлулыққа іңкәрлік» (1999),»Ғасырмен сырласу» (2004) кітаптары басылып шыққан. «Емтихан» сатиралық комедиясы респ., обл.драма театрларында қойылған. ҚР Мемл. сыйл. (1998). Халықар. қазақ ПЕН-клубы сыйл. (2001) лауреаты. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен, Қазақстан Жоғ. Кеңесінің, Қазақстан Респ. ҰҒА-ның Құрмет грамоталарымен марапатталған.