ЕДІЛБАЕВ Жұмабек (15.6.1923. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ. -23.8.1983. Алматы) -ақын,жазушы, драматург. Түркістандағы пед. уч-щені бітірген (1944). 1944 -67 ж. Шымкент. Қарағанды обл. заң орындарында. Түркістан ауд. партия к-тінде, Оңт. Қазақстан обл. «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясында, өлкелік радио к-тін-де. КСРО Журналистер одағының өлкелік бөлімшесінде қызметте болған. 1967 жылдан шығарм-пен айналысқан. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы «Оңтүстік самалы» 1960 ж. жарық көрген. Е. 200-ден аса шығарманың авторы. «Сезікті секіреді» (комедия. 1969),»Әке мен бала» (драма. 1970),»Жалғасқан жүректер» (драма. 1976),»Қоштасқым келмейді» (драма. 1981),»Дәу әже» (1983),» Келіншектің кереметі»,»Бір күннің оқиғасы»,»Сағыныш сазы» секілді пьесалары обл., респ.драма театрларында қойылған.