ЕГОРОВ Федор (24.9.1913. Ресей. Волгоград обл. Калмыцкая Балкас. -1975. Алматы) -жазушы. Жеті жасында жанұясымен бірге Бат. Қазақстан обл-ның Жәнібек а-на көшіп келген. 1932 -33 ж. Атыраудағы ауданды қ » Рабочая правда» газетінің редакциясында,1933 -35 ж. окр. «Прикаспийская коммуна» газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2-дүниежүз. соғысынан оралғаннан кейін респ. «Казахстанская правда» газетінде тілші,Алматы жоғары партия мектебінде аға оқытушы болған. «Қызыл жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған.