ЕГЕУБАЕВ Оразанбай (13.12.1935 ж.т.. Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы,Шағантоғай ауд. Ойқұдықа.)-жазушы. Шәуешек гимназиясын (1950). Шыңжаң партия мектебінің саяси-назария сыныбын (1954) бітірген. 1999 ж. Қазақстанға қоныс аударған. Алғашқы шығармалары «Көктем», «Естелік қалдыру» (Шыңжаң) 1954 ж. жарық көрген. 13 еңбегі қытай тіліне аударылған. «Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы редакциясында редактор,тілші,бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағы берілген (1992). Шыңжаң және Қытай фольклор сыйл. иегері. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған