«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» — республикалық қоғамдық-саяси газет. Құрылтайшы және шығарушы -«Егемен Қазақстан» респ. газеті ашық акционерлік қоғамы (Президенті С.Әбдірахманов). Тұңғыш саны «Ұшқын» деген атпен 1919 ж. 17 желтоқсанда 2 бет болып жарық көрген. Кейін аты өзгеріп,»Еңбек туы» (1920),»Еңбекшіл қазақ» (1921-25),»Еңбекші қазақ» (1925-32), «Социалистік Қазақстан» (1937 -91),»Егеменді Қазақстан» (1991 -93) болып шықты. 1993 жылдан қазіргі атымен шығып келеді. Газет ең алғаш Орынборда,одан кейін Қызылорда қ-нда басылды. 1929 жылдан аптасына 5 (кейде 6) рет шығады. Газетке әр жылдары Х.Есенбаев (1919 -20),Т.Сафиев (1920),Б.Күлеев (1920),С.Садуақасов (1921.1925 -26),Ж.Аймауытов (1921),М.Әуезов (1921),Ә.Байділдин (1922),Б.Майлин (1922),С.Сейфуллин (1922-24),М.Жолдыбаев (1922-25),Т.Рысқұлов (1926),О.Жандосов (1926),О.Исаев (1926),Ғ.Тоғжанов (1926-32), А.Мусин (1932 -34),Ғ.Мүсірепов (1934 -36),Ж.Сәдуақасов (1936). Ж.Арыстанов (1937 -38), С.Бәйішев (1938 -40),Ә.Қанапин (1941 -42). Б.Асанов (1943 -49),К.Шәріпов (1949 -51. 1955 -60), К.Бекмұратов (1951 -52). Ғ.Аққұлақов (1952 -55),К.Үсебаев (1960 -69), Ұ.Бағаев (1969 -73), С.Байжанов (1973 -83),Б.Қыдырбекұлы (1983 -87),КДүйсеев (1987 -89),Ш.Мұртаза (1989 -92), Ә.Кекілбаев (1992 -93),Н.Оразалин (1993 -96). У.Қалижан (1996 -98),Е.Смайыл (1998 жылдан) бас редактор болған. Қазіргі бас редакторы — Жанболат Аупбаев. Қазіргі президенті -С.Абдрахманов. «Е. Қ.» респ-ның саяси. әлеум.. экон. және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелерді шұғыл жариялап,жұртшылықты Қазақстан үкіметінің және респ., обл.. қалалық. ауылдықәкімш-тердің қызметі туралы хабардар етеді. Газет бетінде ҚР Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар,Үкімет шешімдері жарияланады. Газеттің меншікті тілшілері республиканың барлық обл. орт-тарында. ТМД елдерінің астаналарында. кейбір шет елдерде тұрақты жұмыс істейді. Қазір аптасына 4-5 рет шығып тұрады. Көлемі 4 бет. кейде 8 немесе 16 бет болып шығады. таралымы 105147 дана (2005).