ДӨНЕНТАЕВ Сәбит

ДӨНЕНТАЕВ Сәбит (1894.бұрынғы Семей губ., Кереку уезі, Ақсу болысы, 4-а. -25.5.1933. Семей қ.) -ақын, журналист. Павлодарда медреседе оқыған. Өзі жеке мұғалім жалдап, орысша үйренген. Д-тың тұңғыш өлеңі «Қиялым» 1913 ж. «Айқап» журналында жарық көрді. 1915 ж. алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек» деген атпен Уфа қ-нда басылып шықты. 1916 ж. майданның қара жұмысынан қашып Екібастұз көмір кеніне барады. 1917 ж. ақпан төңкерісінен кейін Семейдегі мұғалімдік курсқа түседі. 1919-20 ж. ауылдағы ағарту, сот жұмысына араласады. 1924 -33 ж. Семейде шығатын «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеген. Өлеңдері мен мақалалары осы газетте басылып тұрған. 1929 ж. Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясына (ҚазАПП) мүшелікке өтеді. «Менің жәйім» (1914), «Балалықты сағыну» (1914), «Заман кімдікі»(1914),»Шілде» (1915), «Жәмилақыз» (1915), «У жеген қасқырға» (1915), «Қаулы» (1916),»Екібастұз» (1916) т.б.»Тарих таңы» (1924),»Комсомолдың айты» (1924),»Қазақтіліне» (1924),»Алты жылда» (1926),»Азат жетті» (1926),»10 жылдың жемісі» (1927),»Капиталистердің сорына жасаймыз» (1926),»Ерікті Айша» (1926), «Бай мен комсомол» (1928),»Жалғыз құдық басындағы әйелдер мектебінде» (1929),»Пролетариат жазушыларына» (1930),»Біздің колхоз бәйге алады» (1932), т.б. өлеңдерінің авторы. «Әйел теңдігін қалай түсіну керек» (1924),»Хат танымаған қатарға қосылмайды» (1924),»Баспасөз күшейсін» (1924),»Әуелі шаруа оңдалу керек» (1924); «Қытайда әлеумет соғысы» (1924),»Саясат дүниесінде» (1924), т.б. мақалаларын жариялаған. Д. «Өгей ұл»(1916),»Көркемтай» (1924)әңгімелері мен «Екеуі де дұрыс» оқшау сөзі (1925) жарық көрген. И.А. Крыловтың, Ғ.Тоқайдың. т.б. шығыс классиктерінің бірсыпыра өлеңдерін қазақ тіліне аударған. Д. шығарм-ғы туралы Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Сыдиықұлы, т.б. зерт. еңбектер жазған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *