ДӘУІТОВ Сәрсенбі

ДӘУІТОВ Сәрсенбі (1947 ж.т.,ҚХР Шығ. Түркістан, Шыңжаң өлкесі, Шын Пэн Зи қ.) -ақын, ғалым, филол. ғыл. докт. (2001). ҚазҰПУ-ды бітірген (1970). 1970 -1971 ж.Қазақ телерадио к-тінің редакторы, 1972 -1973 ж. Талдықорған обл. (қазіргі Алматы обл.) «Октябрь туы» (қазіргі «Жерұйық») газетінде, 1973 -1974 ж. Фрунзе қалалық ішкі істер бөлімінде, «Лениншіл жас» (кззіргі «Жас Алаш»), 1974-1975 ж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі» Егемен Қазақстан») газеттерінде қызмет атқарған. 1975 -98 ж. Әдебиет және өнер ин-тын-да кіші ғыл. қызметкер, аға ғыл. қызметкер. Т.Рысқұлов атынд. Басқару академиясында, Ә.Қастеев атынд. өнер мұражайында жұмыс істеген. 2002 жылдан Д.А. Қонаев атынд. ун-ттің проф. Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыбаға» деген атпен 1978 ж. жарыққа шықты. Д. сондай-ақ «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983),»ХІХғ-дағы қазақ ақындары» (1988) зерт. кітаптарын жазып шығаруға қатысты. Д-тің алғы сөзімен және құрастыруымен қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы алғаш рет жарық көрді (1990; 1991). Д-тың құрастыруымен «Төле би» (1993), Қ.А. Иасауидің «Диуани хикмет» (1993, М. Жармұхамедұлымен бірге),»Абылай хан» (1993),»Тезек төре» (1996) және т.б. ғыл.-танымдық жинақтар басылып шықты. Д. аударма саласында қырғыз ақыны С.Меймүловтың «Әуен» атты кіта-бын қазақтілінеаударған. Қазақстан ЛКЖО Орт. К-тінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жамбыл атынд. Халықар. сыйл. иегері.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *