ДӘУ-кейбір аңыз, ертегі-жырларда кездесетін мифтік кейіпкер. Адам баспайтын тау-құздарда аң аулап, тау үңгірлерін паналайтын, маңдайында жалғыз көзі бар алып. Кейбір түркі халықгарының (саха, шор,алтай, хақас, т.б.) ұғымы бойынша, Д. -жер асты әлемінің өкілі. Ежелгі грек ғалымдары Аристей (б.з.б. 7 ғ.) мен Геродоттың (б.з.б. 5 ғ.) айтуларынша, жалғыз көзді алыптар туралы әңгімелерді гректер сақтардан естіген.