ДӘЙЕК СӨЗ. ц и т а т а (лат. cito — келтіремін, шақырамын) -қандай да бір түп нұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Д.с.автордың ойын неғұрлым дәл бейнелейтін беделді пікірлермен тиянақтау үшін; біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды дерек ретінде пайдалану үшін қолданылады. Д. с., негізінен. баспасөз материалдарында, ғыл. еңбектерде,кітаптар мен әр түрлі қолжазбаларда,баяндамалар мен сөйлеген сөздерде келтіріледі. Д. с-дер ғыл. еңбектерде пайдаланылғанда,сол еңбекте айтылатын оймен логикалық тұрғыдан қабысып,жарасым табуы тиіс. Айтылмақ ойды одан әрі дамытып, жаңа деректермен толықтырып тұру керек. Сонда ғана ол өз міндетін атқарады. Әдетте зерттеу еңбектерде, көбінесе,әдебиет, мәдениет,өнер, ғылым қайраткерлері пікірлерінен Д. с-дер алынып отырады. Мұның өзі егер үлкен талғаммен. орынды алынса. еңбектің сапа-сын арттыруға себін тигізеді. Д. с., көбінесе. ықшам түрде алынады. Сөйлем үзақ болған жағдайда керекті жерін альш. қысқартылған сөздер орнына көп нүкте қою шартыбар. Д. с. мәтін ішінде пайдаланылғанда тырнақшаға алынып беріледі де, міндетті түрде цитата авторының аты-жөні,еңбегінің тақырыбы нақтылы көрсетіледі. Эпиграф та Д. с-дің бір түріне жатады.