ДҮР ОҢҒАР Дырқайұлы

ДҮР ОҢҒАР Дырқайұлы (1859. бүрынғы Сырдария обл. Қазалыуезі, Жамансыра. -1902, қазіргі Қызылорда обл. Қармақшы ауд. Жаңажол а.) -ақын, сыр өңіріндегі ақындардың ұстазы. Шораяқтың Омары «Ұстазым» деген арнауында «Балқы Базар, дүр Оңғар, Алқа деп аты қойғанда, Қаншама пырақ болса да, Қарасын көрмей, қаңғалар» -деп, Оңғар ақынды Балқы Базармен бірдей деңгейде бағалайды. Ақынды кейде «Қаратамыр Дүр Оңғар» деп те атайды. Оның туындыларын нақыл, өсиет түріндегі жырлар, дәуір, салт-дәстүр тынысын білдіретін толғаулар, арнау өлеңдер деп бірнеше топқа бөлуге болады. Мыс., «Алқалап келген әлеумет» өлеңі филос. ойға құрылған. Д. О. айтыс өнеріне де ден қойған. Ол өз дәуіріндегі белгілі ақындармен (Оңғар ақынның Ырысты қызбен айтысы, 1885 ж.Тоғжанмен айтысы, 1895 ж.) айтысқатүскен. Д. О-дың «Кеңеске кемеңгерлер салсаң құлақ», «Жақсы
жырау емеспін», «Ерлерім сөйле дегесін», «Әркімдерге сөз айттым», «Қиқулап ұшып-қонатын», «Жабыдан туған құлын тұлпар болмас» деген толғаулары, «Барлыбайға», «Балғабай», «Ақбөпе бау сұрапты құрдасынан», «Құлағы, мүйізі жоқ неткен өгіз», «Мақтаймын халқы жақсысын», «Жүйесін тауып жөн сөйле», «Асыл зат, дәрежеңді жаңа көрдім», «Қалданға», «Арыстандай айбатым» сияқты өлеңдері оның ақындық шеберлігін байқатады. М. Әуезов, М. Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Байділдаев, Ә. Қайнарбаевтар, Д О. мұралары туралы пікір білдірген. Ақын шығармалары «Айтыс» жинағының 2-томында (1965) және көптомдық «Қазақ халық әдебиеті» жинағының айтыстаренген8-томында,»Қасиетті Қармақшым»(2003), «Ғасырлар толқыны» (2004) жинақтарында жарияланды. Шығармалары Әдебиет және өнер ин-ты қолжазбалар және мәтінтану бөлімінде сақтаулы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *